8(7112) 22-85-97

«Қыз баланың психологиялық даму ерекшелігі» тақырыбындағы 5-6 сынып қыз балаларына арналған жиналыс

11.11.2021 күні мектеп-лицейімізде тәрбие бөлімі жоспары негізінде 5-6 сынып қыз балаларына №5 қалалық емханасының отбасын жоспарлау бөлімі медбикесі Хабибуллина Аяулым Дамировна мен психолог Чабдарова Айгуль Каблатиповнаның қатысуымен «Қыз баланың психологиялық даму ерекшелігі» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты:

  • мектеп жасындағы қыз балалардың анатомия-физиологиялық және психологиялық өзгерістері туралы баяндау;
  • Қыз балалардың жеке гигиенасы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.

№5 қалалық емханасының отбасын жоспарлау бөлімі медбикесі Хабибуллина Аяулым Дамировна қыздар гигиенасы, тазалықты қалай ұстану керектігі, қыз балалар бойындағы физиологиялық өзгерулер, сол кездерде өздеріне қалай қарау қажеттігі жөнінде түсіндіріп өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова қыз бала мәдениеті туралы оқушылармен ой бөлісті. Жиналыс барысында мамандарға қыздар тарапынан сұрақтар қойылды. Сол сұрақтар төңірегінде оқушылар жауаптарын алып, жиналыс өз мақсатына жетті.