«Ақылды болу мен әдемі болу: бірін ғана таңдау керек пе?» тақырыбындағы 7-8 сынып қыз балаларына арналған тренинг сабағы ұйымдастырылды. Шара барысында қыз бала тәрбиесіндегі өзекті ойлар туралы ой бөлісіліп, қыз балалардың пікірлері тыңдалды.
Мақсаты: Қыз балалардың тәлімдік тәрбиесіне тән тәлімдік қасиеттерімен таныстыру, қыздардың бойына ақылдылық пен әдептілік қасиеттерді дарыту, талғаммен киінуге, сұлулыққа, әсемдікке құштарлығын арттыру.
Тренинг сабақ барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Иманиязова қыздардың болмыс сипатын сын есім тіркестері арқылы қыз балалардың өз көзқарастарымен бағамдау арқылы тақырыпты ашты. Негізгі бөлімінде ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық тақырыбындағы жазба мәтіндер беріліп, сол сұлулық қырларын жетілдіру жолдары қарастырылды. Қорытынды бөлімінде қыз балалардың ойларын білуге, пікір алмасу арқылы ой түюге жетеледі. Қыз бала тәрбиесіндегі жеті жетекшіні ұстанып, қазақ ұлты тәрбиесіндегі қырық үйден тыйымымен ой түйіндеді. Қыздар клубының жетекшісі Г.К.Кусанова алдағы іс-шаралар жоспарына тоқталып, клуб мүшелігіне ұсыныс берген қыз балаларды қабылдады.