Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының шығыс хаты негізінде республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру туралы Жол картасын іске асыру бойынша 10 қараша күні өткізілді.
Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған кітаптардың мазмұны бойынша өткізілді. Байқауға 12 аудан, 1 қала және 3 облыстық мектептің 5 оқушыдан тұратын 16 топ, барлығы 80 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен мектебіміздің командасы І орынға ие болды. Облыстық кезеңде мектебіміздің командасы І орынға ие болды. Команда құрамының мүшелері 5 «а» сынып оқушылары Артурова Ару мен Әміртай Айару жетекшісі Қуанышқалиева Гүлдария Ермековна, 6 «б» сынып оқушысы Серік Жанерке жетекшісі Беккужиева Светлана Адилхановна, 7 «а» сынып оқушысы Амангелді Аружан мен 7 «б» сынып оқушысы Нұрлан Назерке жетекшісі Иманиязова Гулдана Сайлауқызы. 7 «а» сынып оқушысы Амангелді Аружан мен 7 «б» сынып оқушысы Нұрлан Назерке Батыс Қазақстан облысы намысын қорғайтын болады. Оқушыларымызбен пән мұғалдерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!