9а сыныбында 15 қараша күні сынып жетекшісі О.Қ.Орынғалиевтің өткізуімен құқық онкүндігі шеңберінде «Мен зорлық - зомбылыққа қарсымын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу, алдын-алу;
2) Оқушыларға толеранттылық туралы түсінік бере отыра, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті, тәртіпті тұлға болып өсуге тәрбиелеу.
9б сыныбының сынып жетекші О.Қ.Орынғалиев тәрбие сағатын сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастыру үшін тренингтен бастады. Тәрбие сағаты барысында отбасы құндылығы видеоролигін көрсете отырып, отбасындағы сыйластық, сүйіспеншілік, келісім мазмұндылығын кеңінен аша білді. Мектеп психологі С.С.Тажен тәрбие сағатына қатыса отырып, оқушыларға жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылықтарға байланысты жағдаяттар ұсынып, оқушылардың ойын тыңдады. Жасөспірімдердің қоғамға деген көзқарасына, пікірлеріне құлақ аса отырып, бағыт-бағдар ұсынды, кеңес берді.