8б сыныбында 15 қараша күні сынып жетекшісі Эльмира Мухиденовнаның өткізуімен «Тәуелсіз елдің төл теңгесі» тақырыбында «Ұлттық валюта» күніне арналған ашық сынып сағаты болды.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1)Оқушыларға тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгенің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру;
2)Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты дарыту;
3)Ұлтымыздың құндылықтарын құрметтеуге баулу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар 3 топқа бөлінді. Теңгенің шығу тарихы бойынша бейнеролик көрсетілді. Теңгені тәуелсіздігіміздің символы ретінде алып, әр топ постер құрап, кезекпен ортаға шығып қорғады. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға теңге туралы қысқа- қысқа мәтіндер беріліп, оқушылар мәтіндерді оқып, талқылап, бір-біріне сұрақтар қойды. Оқушылармен кері байланыс жасау арқылы тәрбие сағаты қорытындыланды.