8(7112) 22-85-97

Құқық онкүндігі шеңберінде «Мен және менің құқығым» ашық сынып сағаты

9ә, 9б сыныптары оқушылары арасында 16 қараша күні сынып жетекшісі С.У.Нурсапина мен Г.Н.Капашеваның өткізуімен құқық онкүндігі шеңберінде «Мен және менің құқығым» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:

1) Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық сауаттылықтың әр адам үшін маңыздылығын ұғындыру;

2) Ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету;

3) Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Сынып сағатының ұйымдастыру бөлімінде 9б сыныбының жетекшісі Г.Капашева «мен» сөзімен тіркестіріп әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерін, жауапкершіліктерін тыңдап алды. Осы тіркестер арқылы бір-бірінің жақсы қырларын таныды. Жалпы сынып сағатының форматы пікірталас ретінде ұйымдастырылды. Жұптық жұмыста тақырыптық тапсырмалар беріліп, постер қорғады. Кейін мұғалім тарапынан сауалдар қойылып, оқушы көзімен пікірлері тыңдалды. Қосымша жағдаяттар беріліп, шешу жолдары қарастырылды. Шара барысында құқық дегенміз не, не үшін құқықтық сауатты болуымыз қажет, құқық бұзушылықтың қандай түрлері бар, бүгінгі қоғамдағы ұсақ-түйек құқық бұзушылықтың қандай түрлері бар, не үшін оқушылар арасында құқықбұзушылыққа барады т.б секілді сұрақтар төңірегінде ой өрбітті. Шара қорытындысында С.У.Нурсапина негізгі заң ережелеріне тоқталып өтті.