8(7112) 22-85-97

«Pisa-2022 халықаралық зерттеуіне дайындау жүйесі» тақырыбындағы семинар

«Оқушылардың оқу сауаттылығын дайындау жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.У.Нурсапина өз тәжірибесімен бөлісті. География пәнінің мұғалімі Л.С.Адиева «Халықтың ұлттық құрамы» тақырыбында Pisa  халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын қолдана отырып, тақырыпты меңгерту керектігі туралы оқыту семинарын өткізді. 

Семинарда  жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқудың маңыздылығын, оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолданудың тиімділігіне бағытталған тапсырма түрлерін көрсетілді. Pisa  халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін пайдалану, Insert, ЖИГСО, кластер, тірек сызба әдістері арқылы Pisa халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларын қолдана отырып, тақырыпты меңгерту керектігіне тоқталды.