8(7112) 22-85-97

«Сүйіспеншілік -адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы өмірі» тақырыбындағы сынып сағаты.

19 қараша күні Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні аясында №41 мектеп-лицейінде «Сүйіспеншілік -адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі» тақырыбында сынып сағаттары оздырылды. Мақсаты: Оқушыларды өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

«Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі» сынып сағаттары 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.  Мақсаты: Оқушылардың бойына ізгілік қасиеттерін сіңіре отырып, өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсы көру, қайырымдылық ұғымдарының адам өміріндегі мәнін орнықтырып, риясыз сүйіспеншілік жасауды үйрету. Сабақ барысында, шаттық шеңбері, аңыз әңгіме, дәйексөз талдау, шығармашылық жұмыс, сахналау, топпен ән айту кезеңдері ұйымдастырылды. Сынып сағатын қорытындылау кері байланыс арқылы бекітілді.