8(7112) 22-85-97

Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні аясындағы рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру шарасы.

23 қараша күні Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні аясында №41 мектеп-лицейінде адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру 6 «в» -сынып оқушылары арасында өтті.

«Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні» іс- шарасы аясында адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған рухани-адамгершілік тәрбиесі бағытында 6 «в» - сынып оқушылары арасында кітаптарды таныстыру шарасы дөңгелек үстел түрінде   ұйымдастырылды. 10 - сынып оқушысы Бейбарыс мектебіміздегі кітап клубының жетекшісі ретінде өзінің оқыған кітаптарының құндылығын айта отырып,  кітаптың адамды рухани байытуға көмекші құрал екенін туралы өз ойымен бөлісті. Оқушылардың жалпы танымын кеңейтуге сұрақ-жауап, сөзжұмбақтар беріліп, тапсырмалар ұсынды. Шара соңында оқушыларды  клубтың мүшесі болуға шақырды. Шараға оқушылар белсенділікпен қатысты.