Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық пікірсайыс турнирі 27-28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық турниріне облыстық кезеңде орын алған 10-сынып оқушылары Адилова Аружан мен Кенжегужина Асем қатысты. Турнир қорытындысы бойынша оқушыларымыз іріктеу кезеңінен өтіп, ширек финалда жоғары нәтиже көрсетті. Қазақ лигасы бойынша қатысқан Адилова Аружан «Үздік сарапшы» номинациясымен марапатталды.