Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 7-9 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік айбыным» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 7-9 сынып оқушылары арасындағы қалалық пікірсайыс турниріне 20 команда қатысты. 20 команда арасында оза шыққан 8 команда ширек финалда бақ сынады. №41 мектеп-лицейіміздің атынан қатысқан Қалымбет Дильназ бен Өтешова Дильназ ширек финалда жақсы ойын көрсетіп, Өтешова Дильназ «Үздік спикер» атанды.