1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай мектеп-лицейімізде Парламент өзін - өзі басқару органы оқушылары, «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларының ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында ел тарихы, даму кезеңі, Елбасы еңбектері туралы мектеп дәлізінде фуар өткізілді.
1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміздің тұңғыш Президентін сайлаған болатын. Сол күндердің бүгінгі жемісі - 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік, Татулық, Бейбітшілік сияқты ұғымдармен астарлас келеді. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.
Еліміздің даму тарихын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында мектеп-лицейімізде еліміздің тарихы, даму кезеңі, Елбасы еңбектері туралы фуарда көшбасшы оқушылар мектеп оқушыларына әртүрлі форматтағы логикалық сұрақтар, сөзжұмбақтар, true or false (ақиқат пен шындық), ой тізбегін жалғастыр т.б сынды тапсырмалар беріп, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын оятты.