Орал қаласы әкімдігінің «Қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, МЕБМ «Ақпараттық технологиялар лицей-мектебінің» ұйымдастыруымен «Білімділер додасы» зияткерлік ойыны өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Сайыс лицей, гимназия мектеп оқушылары арасында ұйымдыстырылды. Сайысқа №27 мектеп-лицей, №38 мектеп-лицей, 41 мектеп-лицей, 42 мектеп-гимназиясы, №44 мектеп гимназиясы және дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернат кешенінің 7-9 сынып оқушыларынан құралған топ қатынасты.
Мектебімізден зияткерлік сайысқа 9 сынып оқушылары Найзабек Айшабибі, Амангельдиева Аяжан, Шынболатова Зарина, 8б сынып оқушысы Серік Нұрдәулет, 7б сынып оқушысы Нұрлан Назерке қатынасты. Оқушыларымыз І орынға ие болды. Жетекшісі: Мукатаева Л.С. Оқушыларымызға дипломдармен, бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!