2 желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №41 мектеп-лицейінде тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге, ұлықтауға арналған “Тәуелсіздік - ұрпаққа ұлы аманат” тақырыбындағы әдеби-сазды бағдарлама 9-10 сынып оқушылары арасында өтті.
Әдеби – сазды бағдарламада мектеп оқушылары ел тарихын, даму жолын дәріптеп, тәуелсіздігімізге тәу етіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай мерекелік шарамызда Тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шертіп, оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту арқылы елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу басты мақсатымыз болды.