8(7112) 22-85-97

«Стандартты емес теңдеулерді шешу тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум

«Стандартты емес теңдеулерді шешу тәсілдері» тақырыбында өткен мектепішілік семинар-практикумда математика пәні мұғалімі Хусаинова Гүлбану Хамидоллиевна өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар - практикумда мұғалім алдын-ала даярланған презентация көмегімен стандартты емес теңдеулерді шешудің тәсілдеріне тоқтала келе, осы тәсілдердің қолданылуын нақты мысалдар арқылы талдап көрсетті. Осы тақырыпқа сай әдістемелік құралдармен таныстырды. Кейін ұстаздарға бір-бірінен өзіндік ерекшелігі бар әртүрлі теңдеулерді шешу, өзара талдау ұсынылды. Пән иелері аса қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, тақтада шешімдерін талдап көрсетті. Стандартты емес теңдеулер математикалық олимпиадаларға жиі енгізілетіндіктен, оқушыларды алдағы олимпиадаға әзірлеуде пән иелері үшін бүгінгі семинар-практикумның әдістемелік жағынан көмегі болмақ.