6 желтоқсан күні - тарих пәндері бірлестігі апталығының ашылуына орай «Құтты болсын, тәуелсіздік мерекеміз» тақырыбында апталықтың ашылуы оздырылды.
Мақсакты: оқушыларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығының жетістіктерін дәріптеу, тарих пәнінің маңыздылығын ұғындыра білу, ой түйіндеу, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу. Салтанатты жиынға 5 сынып оқушылары қатынасты. Жиынды тарих пәні мұғалімі О.А.Жұмағалиева жүргізіп, салтанатты түрде ашты. 5«а» сынып оқушылары Меңдібай Нұрислам, Әміртай Айару, Қадырбек Бөгенбай, Артурова Дария, Артурова Ару, Бекқабыл Сұлтан «Құтты болсын, тәуелсіздік мерекеміз!» атты өлең жолдарын оқыды.