8(7112) 22-85-97

«Білгірлер бәйгесі» сайысы өткізілді

7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына байланысты мектепішілік тарих апталығында ұйымдастырылып «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны болды.

Интеллектуалдық ойын Тәуелсіздіктің 30 жылдығының жетістіктерін дәріптеу, тарих пәнінің маңыздылығын ұғындыра білу, патриоттық сезімдерін оята білу мақсатында 6«В» сынып оқушылары арасында  оздырылды. Сайысты тарих пән мұғалімі Сергеева Райгул Талгатовна ұйымдастырды. Сынып оқушыларының ішінде Алибеков Алижан, Ахмет Ақберен, Бақтығали Мерхат, Исламғали Айкүміс, Қайырбек Әділет, Малашова Камшат, Сатым Нұрбол, Темирханов Ернар  іріктеу кезеңінен өтіп, топқа бөлініп ойынға қызығушылықпен  қатынасты.