Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында 7 желтоқсан күні республикалық олимпиаданың обыстық кезеңі өткізілді.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне мектебімізден 1 оқушы қатынасты. 5-сынып бойынша қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәні бойынша 5а сынып оқушысы Нариман Ақнұр ІІ орынға ие болды. Оқушымыз Ақнұрды және пән мұғалімі Габдрахманова Бибигул Демеуовнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!