8(7112) 22-85-97

«Отандық тарихтың тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сайыс өткізілді

8-желтоқсан күні – тарих  пәндері бірлестігінің апталығы барысында 8 сыныптар арасында «Отандық тарихтың тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында  тарихи зияткерлік сайысы оздырылды. Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен құндылығын мақтан ете отырып халық игілігін дұрыс пайдалана білуге баулу. Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу, тереңдету; ой ұшқырлығын дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сайысқа 8 «а» сыныбынан Ергалиева Даяна, 8 «ә» сыныбынан Ахметжанова Дильназ, 8 «б» сыныбынан Мирбол Нұрдаулет қатысты, сынып оқушыларынан  3 оқушыдан көмекші теоритиктер мен білгірлер болып бөлінді.

Сайыс 5 турдан тұрды 1 тур- «Тәуелсіздік құндылығы» туралы өз ойын айту, 2 тур- «Кім?Көтеріліс қашан болды?» көтерілістің уақыты мен басшысын табу керек болды. 3 тур - Тәуелсіз Қазақстаннның маңызды оқиғалары айтылып,уақытын тапты. 4 тур - «Жұмбақ тұлға» тұлға туралы оқиғалар сипатталып, тұлғаны таныды. 5 - тур Математикалық қобдиша деп аталып, сиқырлы қобдишамен есептер берілді, есепті шешкен соң болған оқиғаны тапты. Білгірлер топтарына «Қандай фильм?» кинофильмнен үзінді жіберіліп, табылды. Қалаларды табуға,термин сөздерді түсіндіруге ойындар өткізілді.Сыныптан тыс шараға  8 «а, ә, б» сынып оқушылары қамтылды.  Тарих  пәні мұғалімі О.А.Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Ойын барысында дұрыс жауаптарға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың суретімен медальдер тағылды. I орынды 8 «а» сынып оқушысы Ергалиева Даяна, II орын 8 «ә» сынып оқушысы Ахметжанова Дильназ, III орынды Мирбол Нұрдаулет марапатталды. Шара мазмұны жағынан терең білім мен танымдық зияткерлікке бағытталған, оқушылар белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.