Тарих пәні апталығы аясында 7-11 сынып оқушылары арасында «Мен оқыған бір кітап» READ x жобасы өткізілді.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Тарих пәні мұғалімі А.Е.Сатиева ұйымдастыруымен өткізілді. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, қысқаша мазмұнымен таныстырып алған әсерлерімен бөлісті. Жобаға қатысқан оқушылар Калибекова Айым Балалар энциклопедиясы РОСМЭН сериясы «Әлем ғажайыптары». Мұқас Альбина, Қабдеш Жұмаділов. «Дарабоз». Лаймен Фрэнк Баум «Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал». Қалымбет Дильназ Френсис Елиза Бернетт. «Құпия бақ». Мақсот Алихан Мәмбет Қойгелдиев «Алаш қозғалысы». Темирбекова Дина Ғабит Мүсірепов «Ұлпан», Софы Сматаев «Елім-ай». Қадырман Бекет Ілияс Есенберлин «Көшпенділер». Артур Конон Дайл «Шерлок Холмстың басынан кешкендері.». Ережеп Алтынгүл Джон Кехо «Подсознание может все». Луйза Мэй Олкотт «Маленькие женщины». Қадырболат Ринат Міржақып Дұлатұлы «Бақытсыз Жамал», Сибеков Алихан Сабит Мұқанов «Мөлдір махаббат». Сонымен бірге шараға қатынасқан пән мұғалімдері де өз ойларымен бөлісті.