Орал қалалық мәслихаты депутаттары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе жоғары сынып оқушылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында 9 желтоқсан күні жыр мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйраның мақсаты Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің маңыздылығын насихаттай отырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық және эстетикалық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті дарыту, елжандылықты үлгі ету, жергілікті ақындардың шығармаларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау. "Мәнерлеп оқу" бағыты бойынша Төлеп Назира - ІІ орын (жетекшісі: Куанышкалиева Г.Е.), "Жас ақындар мүшәйрасы" бағыты бойынша Серік Ақнұр, Биғали Гүлназ - Алғыс хатқа ие болды (жетекшісі: Беккужиева С.А.) Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!