8(7112) 22-85-97

«Тәуелсіздік жылдарындағы БҚО археологиясының жетістіктері» тақырыбында кездесу өтті

2021 жылдың 10 желтоқсан күні «Тәуелсіздік қасиетті ұғым» атты тарих апталығы аясында Э.О.Орынбасарованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы БҚО археологиясының жетістіктері» тақырыбында белгілі археолог, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Яна Амангелдіқызы Лұқпановамен кездесу оздырылды. Кездесуде Яна Амангелдіқызы БҚО археологиялық орталығының атқарып жатырған жаңалықтарымен бөлісті.  

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Тақсай қорғанынан 2012 жылы табылған ақсүйек сармат әйелінің қабірі отандық археология ғылымындағы зор табыстың бірі ретінде есептеледі. Қабірден әйелдің мүрдесімен бірге әшекейлері, жапырақты жапсырмалары, білезіктері табылған және мұның бәрі алтыннан болатын. Қазіргі таңда «Тақсай ханшайымы» деген атты иеленген бұл ескерткіш жәдігердің түпнұсқасы Ұлттық музейде сақтаулы тұр. Осы жәдігерді тапқан өзіміздің жерлесіміз Я.А.Лұқпанова отандық тарих және археология ғылымына үлкен жаңалық алып келді. Археолог қазба жұмыстарының қалай жүргізілетіні, жұмыс барысындағы түрлі қызықты оқиғалар, ханшайымның қабірінен табылған жәдігерлердің материалдық құндылықтар ретіндегі маңызы туралы баяндады. Оқушылар тарапынан сұрақтар көп болды, кеш әсерлі өтті. Бірлестік менеджері О.А.Жұмағалиева шараны қорытындылап, мектеп ұжымы атынан алғыс білдірді.