8(7112) 22-85-97

«Білімді ұрпақ - іргелі елдің кепілі»

№41 мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңес мүшелерінің мектеп-лицей әкімшілігі мен  ата-аналар комитетінің қатысуымен кездесуі өтті.

Қамқоршылық кеңес төрайымы А.К.Булатова Қамқоршылық кеңестің 2021  жылы  атқарған жұмыстары туралы ата-аналар комитетін таныстырып өтті. Алдағы уақытта оқу-тәрбие үдерісінде оқушы жетістігін марапаттау мақсатында жоспарланған жобалармен танстырылып, мектеп әкімшілігі, ДОӘ жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жолдасбаева оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау ережесімен, ДОІ жөніндегі орынбасары А.Ж.Утебалиева «Анама қуаныш сыйлаймын» және «Әкеме  сыйлық жасаймын» марапатын беру ережесімен, ДТІ жөніндегі орынбасары Г.С. Иманиязова «Салауатты өмір салтын ұстанамын», «Лицей аруы-2022», «Лицей сұлтаны-2022» атағын беру ережесімен таныстырып өтті. Мектеп психологі С.С. Тәжен оқу жылы соңында қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі аталған пән бойынша сайыстардың жеңімпаздары арасынан бір оқушы таңдалып білім додасындағы жетістіктері бойынша тапсырылатын марапаттар туралы таныстырып өтті. Мектеп-лицей директоры Ж.М.Шонбаев мектептегі білім беру жүйесін дамыту, оқу үдерісін оңтайландырып, білім алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында  жоспарланған және атқарылған іс-шаралармен таныстырып өтті.

Ата-аналар комитеті мүшелері кездесуден алған әсерлерімен ой бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салып алғыстарын айтып, білім алушы оқушыларды оқу-тәрбие үдерісінде ынталандыруға, білімге деген қызығушылықтарын артыруға жасалып жатырған барлық жұмыстарды қолдап және сыныптың ата-аналарын хабардар ететіндіктерін айтты.