Мектеп-лицейдің жас мамандары мен тәжірибелі ұстаздары арасында ата-аналармен педагогикалық өзара әрекеттесу процесінде туындайтын қиындықтардың алдын алу бойынша мұғалімдердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын кеңейту мақсатында психологиялық тренинг өтті.
Тренинг барысында педагогтерге жанжалдардағы конструктивті мінез-құлық дағдыларын меңгеруге көмектесу, жанжалды жағдайларды шешудің және болдырмаудың сындарлы тәсілдерін меңгеруге бағытталған жағдаяттар беріліп, кикілжің туындаған кезде мәселені болдырмау және одан шығу жолдары қарастырылды. Кикілжіңді алдын алу бойынша психолог кеңесі беріліп, жаттығулар орындалды. Тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға өз тәжірбиелерімен бөлісіп, кикілжіңдік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға бағыт беріп отырды.
Мектеп-лицей басшысы Ж.М.Шонбаев ұрпақ тәрбиесінде ата-анадан кейінгі екінші болып үлкен үлес қосатын ұстаздар қауымының қоғамдағы ролі туралы пікірін білдіріп, қазіргі уақытта адамдармен дұрыс қарым-қатынас құру үшін эмоционалдық интелектіге де көңіл бөліп дамыту қажеттігін ескеріп өтті. Тренинг соңында қатынасушылар алған әсерлерімен ой бөлісті.