ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №41 мектеп-лицейінде 5 – сыныптардың ашық тәрбие сағаты оздырылды. Ашық тәрбие сағатында Қазақстанның даму тарихына шолу жасалып, әр сыныпта әртүрлі форматта ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ертеңі мен бүгінін саралап, ел басынан өткен тарихи кезеңдер туралы мәлімет беру. Оқушы бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті ояту, тілін, әдеп – ғұрын, салтын, дәстүрін дәріптеуге баулу.
Ашық сынып сағаты барысында оқушылар берілген топтық, шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, өз өнерлерін ортаға салды.