23 желтоқсан мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: 2021 күнтізбелік жыл бойынша бюджет есебінен бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы мәлімдеме жасау, оқушылардың жалпы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу, ата-ана жауапкершілігін арттыру, тәрбие бағытындағы жүргізілген тәрбиелік іс-шаралардың барысы туралы ата-аналарды ақпараттандыру.
Күн тәртібінде:
- 2021 күнтізбелік жыл бойынша бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп
- Тәртіп бұзушылықты болдырмаудағы мектептегі тәрбие жұмысының маңыздылығы
- Құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын назарға алу
Жиналыс барысында мектеп-лицей директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы 2021 күнтізбелік жыл бойынша бюджеттен бөлінген қаражатттың жұмсалуы туралы мәлімдеме жасады. Тәрбие ісінің меңгерушісі Гулдана Сайлауқызы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған мәдени іс-шаралардың легі туралы айтып өтіп, мектеп бойынша оқушылардың ішкі тәртібіне тоқталып, ата-аналарға оқушылардың мектептен тыс бос уақыттарын қадағалау қажеттігін баса айтты. Учаскелік мектеп инспекторы Венера Биржановна жасөспірімдер арасында қоғамда орын алып жатырған әртүрлі келеңсіздіктерге тоқталып, кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы демалыс уақытында және алдағы мерекелік іс-шарада балалардың қауіпсіздігін сақтау жөнінде айтып өтті.