ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Жас Ұлан" ұйымының 10 жылдығы қарсаңында мектеп-лицейімізде 5 сынып оқушыларын Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Биылғы жылы мектеп-лицейімізден "Жас Ұлан" қатарына 76 оқушы қабылданды.
Шараның мақсаты: оқушыларға Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал ету. Салтанатты жиында мектеп директоры Ж.М.Шонбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұйымға қабылданатын шәкірттерге жарқын болашақ пен сәттілік тіледі. Мектеп директоры бастаған ұстаздар қауымы "ЖасҰлан" ұйымына қабылданушы оқушыларға төсбелгілерін және галстуктерін тақты.