Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына орай «Туған жер» жобасы аясында 7Б сынып оқушылары сынып жетекші Л.С.Мукатаевамен бірге Орал қаласына «Көне шаһарға саяхат» тақырыбында экскурсия жасады.
Бұл экскурсия «Жанды сабақ» негізінде құрылды. Экскурсия мақсаты: оқушыларды өлке тарихымен таныстыра отырып, көне ғимараттар мен құнды жәдігерлер арқылы таным көкжиегін кеңейту, оқушының туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өлке тарихын терең меңгерту. Экскурсия маршруты:
- Курени – Хан тоғайы;
- Пугачев мұражайы;
- Михаил Архангель храмы (18ғ);
- Үлкен Михайлов көшесімен 19ғ ғимараттарына саяхат (Назарбаев даңғ);
- Экология мұражайы;
- Пушкин мұражайы;
- Көпес үйі;
- Овчеников үйі;
- Өлкетану мұражайы;
- М.Маметова мұражайы;
- Мұз айдыны;
- Квест ойыны.