8(7112) 22-85-97

«Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында БҚО дін істері басқармасының теолог маманымен кездесу

Діни сауаттылық және діни экстемизмнің алдын алу іс-шараларының аясында БҚО дін істері басқармасы маманы Убаев  Наурыз Ибатұлымен кездесу өтті. Кездесуге 9-сынып оқушылары қамтылды.

Мақсаты: Оқушылардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар  жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу. Аталмыш шараға Орал орталық мешітінің наиб имамы және БҚО дін істері басқармасының теолог маманы Убаев Наурыз Ибатұлы қатысты. Наурыз Ибатұлы оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс оқыды. Балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламдық торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті.

Шара соңында дінтану пәні мұғалімі Райгул Талғатқызы мен мектеп әкімшілігі атынан қонаққа рахмет айтылып, кездесу мазмұнды аяқталды.