Желтоқсан айының 3-22 күндері аралығында биология, химия, физика пәндері бойынша мектеп педагогтерінің «ROQED-марафон» облыстық сырттай бейнеконтент байқауы өткізілді.
Биология, химия, физика пәндері мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету арқылы педагогтердің мәртебесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің инновациялық тәжірибе жұмыстарын анықтау, озық педагогикалық тәжірибелерді кеңінен насихаттау, тарату және ROQED Scince заманауи интерактивті бағдарламасын қолдануда мұғалімнің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген бейнеконтент сабағын ережеге сай құрып, жоғары нәтиже көрсеткен мектебіміздің биология пәні мұғалімі Боранбайқызы Назерке жүлделі ІІ орын алды. Әріптесімізді жеткен жетістігімен құттықтаймыз!