8(7112) 22-85-97

«Жаңа жылдық безендіру» акциясы

Желтоқсан айының 20-27 желтоқсан аралығында «Жаңа жыл» мерекесіне орай сыныптарды безендіру акциясы 5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

«Жаңа жылдық безендіру» акциясына мектеп-лицейіміздің барлық сынып ұжымы толық қамтылды. Оқушылар сынып бөлмелерін безендіруде креативтілік пен белсенділік танытып, оқушылар өздеріне жақсы көңіл-күй сыйлай білді. Сондай - ақ безендірілген сыныпта әдемі фотосуреттер жасап, өз парақшаларына жариялады. Акция қорытындысында 5 – 7 сыныптар аралығында «Ең сәнді безендірілген сынып» - 6а сыныбы; «Ең ұйымшыл сынып» - 7ә сыныбы; «Ең белсенді сынып жетекші» - 6ә сыныбының жетекшісі Куанышкалиева Гулдария Ермекқызы.

 8 – 11 сыныптар аралығында «Ең үздік сынып» - 11а сыныбы,  «Ең сәнді безендірілген сынып» - 8ә, 9ә, 9б сыныбы; «Ең ұйымшыл сынып» - 10а сыныбы; «Ең белсенді сынып жетекші» - 8а сыныбының Изимова Ақылай Тарихқызы.