8(7112) 22-85-97

Кітап клубының «HP party» тақырыбындағы шарасы

«HP party» тақырыбындағы шараға 6-8 сынып оқушылары қамтылды. Шараның мақсаты: мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, кітап клубына оқушыларды тарту.

Шара барысында Джоан Роулинг «Гарри Поттер и философский камень» кітабын оқыған  оқушыларды топқа бөліп, «Крокодил», «Логика қайда?», «Импровизация» викториналық ойындары ойнатылды. Оқыған кітап желісінде  өз білгендерін ортаға салып, жеңімпаздар анықталды. Білімдерін дәлелдеген ең үздік топ пен ең үздік костюмге сыйлықтар берілді. Шараға қызығушылық танытқан  оқушылар кітап клубы қатарына еніп, қуаныштарын бөлісті. Шара соңында оқушылар бірге отырып «Гарри Поттер» фильмін тамашалады.