8(7112) 22-85-97

«Туған елің - Қазақстанды білесің бе?» республикалық балалар байқауының аймақтық кезеңі.

Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің тарихы мен мәдени құндылықтарын дәріптеуге арналған «Туған елің -Қазақстанды білесің бе?» республикалық балалар байқауы өтті.

Байқауға облыстық іріктеу кезеңінен өткен 7а сынып оқушысы Амангелді Аружан мен 7б сынып оқушысы Нұрлан Назерке қатысып, республикалық балалар байқауының аймақтық кезеңінен ІІІ орын алды. Пән мұғалімі: Иманиязова Гулдана Сайлауовна.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ Басқармасы  атынан мектеп қорына мазмұнды кітаптар мен оқушыларға дипломмен қоса сыйлықтар табысталды.