8(7112) 22-85-97

«Рухы биік ұлы дала ұрпағы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы

24 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуына орай тақырыпқа сай шырқалған патриоттық әндер оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухтарын жігерлендірді. «Таңғы тілек» айдары бойынша мектеп оқушылары сұрақтарға жауап беріп, жылы лебіздерін жазбаша жеткізсе, үзіліс уақытында оздырылған «Бауырсақ-party» шарасына үлкен қызығушылықпен қатысты. 

Патриоттық рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеу максатын көздеген қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Таңғы тілек» айдарынан бастау алды. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Мен елімнің ертеңімін»; «Мәңгілік ел тұғыры» бөлімдері бойынша «Бүгінге күнге қандай тілегің бар?; Еліміздің болашағын қалай елестетесің?; Еліміздің дамуы жолына қандай үлес қосар едің? деген сұрақтарға жауап алынып, оқушылар ой-пікірлерін жазбаша жеткізді. Аралық үзілісте «Бауырсақ-party» шарасы оздырылып, оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім-білік дағдыларын сарапқа салды. Түрлі бағытта шығармашылық тапсырмалар орындап, іс-шараға белсенділікпен қатысты.