2022 жылдың 25 қаңтар күні үзіліс уақытында мектеп-лицей оқушылары арасында патриоттық әндер шеруі оздырылды.
Патриоттық рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеу максатын көздеген қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында оқушылардың бойында патриоттық сезім мен еліне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Патриоттық ән рухты жандандырады» тақырыбында әндер шеруі өтті. Әндер шеруіне мектеп-лицейдің барлық сынып оқушылары қамтылып, патриоттық бағыттағы «Өз елім», «Мен қазақпын», «Атамекен» сынды әндерді шырқады.