2022 жылдың 26 қаңтар күні «Оқушымен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбындағы коучинг ұйымдастырылды. Коучинг мақсаты - оқушымен қарым- қатынас жасаудағы өзара әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Коучинг барысында жас ұстаздар бейнероликті көре отырып, әр кезеңдерде өзіндік пікірлерін ортаға салды, әр қатысушы түрлі тапсырмалар арқылы ой түйіндеді. Коучингті қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.У. Нурсапина өткізді. «Галерея шарлау» әдісі арқылы оқушы бейнесіне талдау жасай отырып, оқушыға сапалы білім мен тәрбие беруде тиімді қарым-қатынас орнату басты назарға алынды.