8(7112) 22-85-97

«Интерактивті тақтаны сабақта қолдану тиімділігі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді

29 қаңтар күні өткізілген семинар-практикумның мақсаты педагогтерді интерактивті тақта мүмкіндіктерімен таныстыру, онымен жұмыс жасауды, флипчарт құруды үйрету.

Мектептің әдістемелік жоспарына сай, «IT құзыреттілік және сандық сауаттылық»  әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сатканова Э.М. және мүшесі Ермекова Д.М. семинар-практикум өткізді. Семинар мақсаты мұғалімдердің өз сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді қолдануы үшін тақта мүмкіндіктері мен флипчарт тапсырмаларын құруды үйрету. Семинар барысында  интерактивті тақтаның білім берудегі қолданылу бағыттары мен мүмкіндіктері  таныстырылды.  Практикалық бөлімінде әр мұғалім ActivInspire қосымшаcын пайдаланып, өз сабақтарына қатысты құралдарды қолдана отырып  тапсырмалар дайындады.