3 ақпан күні мектеп-лицейіміздің «Кітап» клубының мүшесі Джанашев Бейбарыс 8-сынып оқушыларымен «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» атты тәрбие сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқырман қауымға дәріптеу, ұлы тұлғалардың шығармашылығымен кеңінен таныстыру.
Тәрбие сағатында оқушылар қызықты да, күрделі сұрақтарға жауап бере отырып, көптеген ақын-жазушылардың шығармалары мен ғұмырнамасын білді. Бір-бірімен қызықты мағұлматтармен бөлісіп, ақын-жазушылар шығармаларын талдап, талқылады. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын айтып, негізгі идеясы мен жанрын талқыға салды. Осы шарадан соң кітапсүйер оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасы артта түсері анық. «Кітап» клубының мүшесі Джанашев Бейбарыс ақын-жазушылардың өмірін әсерлі етіп баяндай отырып, замандастарының жазушы жайында айтқан пікірлерінен үзінділер келтіріп, жазушының өзінің күнделіктері мен жазған хаттарынан немесе оның өмірі жайында жазылған көркем шығармалардан оқып, сабақтытартымды өткізді.
Мәселен, аталған клубтың мүшелері жыл басынан бері тарихи оқиғалар туралы еңбектерді парақтап, өзара талқылап келеді. Атап айтқанда, болған оқиғалар негізінде түсірілген фильмдер жайлы пікір алмасып, тарихи кітаптарды оқуды қолға алған. «Оқушыларды кітап оқуға шақырамыз!» - дейді «Кітап» клубының белсенді мүшелері.