Мектеп-лицейімізде «Жас Ұлан» ұйымы мен Парламент мүшелері «Балалар жылына» орай рубик текшесін құрастырудан 5-6 сынып оқушылары арасында мектепшілік спидкубинг сайысын ұйымдастырды. Шараның мақсаты: жасөспірімдердің ойлау қабілетін арттыру, оқушылар арасында спидкубинг өнерінің белсенділігін қалыптастыру, қызығшылығын ояту.
Ойынның негізгі шарты рубик текшесінің әр жағын бір түсті етіп қалпына келтіру, жылдам қимылдау. 5-6 сыныптардың арасында өткен жарысқа оқушылар белсене қатысып, жеңімпаздар іріктелді. Оқушылардың ой-қиялын дамытатын бұл ойын түрі олардың қызығушылықтарын оятып, шапшаңдық пен ептілікке баулып, логикасы жоғары деңгейдегі үздіктерді анықтады.
Сайыс қорытындысы бойынша I орынды 6 «а» сынып оқушысы Жеңіс Саят, II орынды 6 «а» сынып оқушысы Сәбит Бибарыс, III орынды 5 «а» сынып оқушысы Артурова Дария иеленеді.
Байқауда жеңіске жету үшін қатысушылар асқан жылдамдық көрсетіп, тез шешім қабылдап, тиянақты ойлай білуге дағдылана отырып, рубик текшесін жинауға деген қызығушылықтары өте жоғары екендігін байқатты.
Қалалық байқауға 6 «а» сынып оқушысы Жеңіс Саят жолдама алды, сәттілік тілейміз!