8(7112) 22-85-97

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасының ашылуы

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты декаданың ашылуы өтті.

3 ақпан күні “Өзін-өзі тану пәні: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы” декада аясында “Жүректен шыққан мейірім күллі әлемді жылытады” тақырыбында онкүндігінің ашылуы өтті.

Рухани-адамгершілік білім беру барысында жас ұрпақтың бойына мәдениет пен дәстүрлер жалғастығын, өмірге, жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, махаббат, сыйластық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу ниетінде, жаңа күнді жарқын көңіл-күймен бастап, мектеп белсенділері ұстаздарға, оқушыларға жылы лебіздерін арнады.