8(7112) 22-85-97

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасы жалғасуда

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты декада аясында Сара Алпысқызының өмір жолы туарлы көрме ұйымдастырылды және педагог-гуманистердің өмірлері туралы «Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты презентация өткізілді.

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты декада аясында Сара Алпысқызының өмір жолы, жалпы адамзаттық құндылықтарға бастайтын, еліміздегі адамгершілк-рухани білім берудің дамуына қосқан үлесінен сыр шертіп, мектеп кітапханасына  көрме ұйымдастырылды.

4 ақпан күні педагог-гуманистердің өмірлері туралы «Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты презентация өткізілді.

Өзін-өзі басқару ұйымы ортаңғы буын оқушыларына белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында педагог-гуманистер, ойшылдардың шығармашылығы  және өмірінен презентация дайындап, кері байланыс орната білді.