8(7112) 22-85-97

“ZERDE.DK” пікірсайысы

9 ақпан күні “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” онкүндігіне орай оқушылардың патриоттық, адамгершілік сезімін оятып, сөз шеберлігі мен логикалық ойлау қабілетін дамытатын пікірсайыстың таныстыру ойынын “ZERDE.DK” көрсетті.

Дебатерлер, “БП:Мемлекеттік тілді дамытудың тиімді механизмін” ұсынған болатын. Екі тарап қарсылық нүктелерімен, аргументтері мен идеясын дамытып, төрешілер алқасына үздік механизм ұсынды. Лицейіміздің дебат жанашырлары көбейіп, мықты логика, креативті-сындарлы ойлай білетін, болмысы шығармашылыққа, жүрегі сүйіспеншілікке толы оқушылар қатары көбейе берсін.