8(7112) 22-85-97

«Балаға жүрек жылуы» тақырыбында сынып сағаттары

Сынып сағаттарының мақсаты  баланың бойына адамдармен қарым-қатынаста достаса білу, өзара келісімге келу, түсінісу, тіл табысу, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білу, көңіл күйін басқара алу қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, қамқорлық жасай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында рухани-адамгершілік білім беру барысындағы жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық, ізгілік, сенім құндылықтарын сіңіруге, ата-анасына, жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, махаббат, достық, сыйластық қасиеттерге тәрбиелеу насихатталды.