8(7112) 22-85-97

«Ризамын бүгінге» қайырымдылық акциясы

«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында мектеп-лицейіміздің Парламент өзін-өзі басқару органының «Қайырымдылық» фракциясы мүшелері мен мектепішілік «Жанашыр» еріктілер клубы оқушылары  «Ризамын бүгінге» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Бұл ізгі шараның басты мақсаты: адамгершілік мен мейірімділік құндылықтарын дәріптеп, жастарды айналасындағы қоғамға жауапкершілікпен қарап,  айналасындағы адамдарға көмек қолын созып, қолдау танытуға шақыру. Жылулық пен қайырымдылықтың игі іс екендігін насихаттау.

Оқушылар қала көшелерінде, қоғамдық ұйымдарда қызмет ететін жұмысшылардың біркүндік еңбек күніне қолғабыс етіп, ол кісілерге жақсы көңіл-күй, сыйластық, жылулық сыйлау мақсатында көше қарларын тазартуға көмек көрсетті. Сондай-ақ  өздері дайындап әкелген  ыстық шәй мен ыстық тамақтарын тарту етіп, бойларына жылу мен жүздеріне күлкі сыйлады.

Ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашып жүрген қоғамға бізде жылы пейілмен қарайық. Жақсылық жасап жарысайық достар!