8(7112) 22-85-97

«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында біріңғай өзін-өзі тану сабақтары

Сабақтардың мақсаты оқушыларды бүкіл әлемге сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасы туралы түсініктерін кеңейту, адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық, адалдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Бірыңғай өзін-өзі тану сабағында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері  «Сүйіспеншілік жолындағы өмір»  тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың тұлғалық рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына, олардың жалпыдамзаттық құндылықтардың маңыздылығын ұғынып өмірде қолдануға, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануға бағытталған, жақындарына, Отанына, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге ризашылықпен риясыз қызмет етуге тәрбиелеу насихатталды.