8(7112) 22-85-97

«Сөз зергері» сайысы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай  «Сөз зергері» сайысы 10 ә сынып оқушыларымен «Ұлпан» романы желісі бойынша өткізілді. Шара барысында Ғ.Мүсіреповтың өмірдерегімен, кітап көрмесі таныстырылды.

Алдымен мектеп-лицей кітапханашысы Ақдинаш Қабдрешқызы жазушының шығармаларына  тоқталып, өмірбаяны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, «Ұлпан» романы желісінде бейнебаян көрсетілді. Кейін оқушыларды  «Заңғар» және «Кемел» топтарына топтастырып, сайыскерлер ойынның шартымен таныстырылды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Жауаптар бес балдық жүйемен бағаланды. Әділқазылар мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Сайлауқызы, қазақ тілі және әбебиеті пәні мұғалімі  Гауһар Ғарифоллақызы және 10ә сынып жетекшісі Назерке Боранбайқызы әр кезең қорытындысын шығарып, өз бағаларын беріп отырды. Сайыс негізінен Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романы бойынша 1-кезең «Бәйге», 2-кезең "Аламан", 3-кезең «Көкпар» , 4-кезең мәре «Алтын сандық» кезеңдерінен өтті. Озық шыққан «Кемел» тобы жеңіске жетті. Сайыс соңында көрнекті жазушы М.Мақатаевтың «Ғабекеңе» атты өлеңі оқылып, Ғ.Мүсіреповтың қалауымен жазылған (  М.Әубәкіровтың сөзіне жазылған, Ж. Тұрсынбаевтың әні) «Қызқарағай» әні тыңдалды.