Бүкілресейлік ғылыми жобалардың Обнинск қаласында қысқы кезеңіне арналған конкурсының қорытындысы жарияланды.
«Атамекен» БЖТжЭО және Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Шырақ» зерттеу жұмысының күзгі бөлімі 2021 жылдың 29 қазанында сырттай, 10 қараша күні іштей өткізіліп, үздік жұмыстар РФ-ның Обнинск қаласына халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына жолданды.
Лицейдің 10 сынып оқушысы Серік Мадинаның «Тарихи өлкетану» секциясына «Из истории села Жусандыой» деген тақырыптағы зерттеу жұмысы жолданып, нәтижесінде I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Орынбасаровна Орынбасарова Жетістіктеріңіз құтты болсын!