«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Атамекен елінің аңыздары», «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» кітаптарына саяхат сабағы 5б сыныбымен өткізілді. Бұл кітап балаларды еліміздің географиялық жағайымен, Қазақстаның табиғи аймақтарымен, жануарлар әлімімен, жер қойнауының бай қорларымен және тұрмысы мен мәдениетімен таныстырады.
Бұл кітаптарды оқи отырып, балалар Туған елі - Қазақстанмен жақынырақ танысып, өздері өмір сүріп жатқан тамаша әрі сиқырлы елді танып - білуге құштар болып, өздерін зерттеуші ретінде сезіне алды. Кітап кейіпкерлерімен бірге саяхатқа шығу ондағы «Темірқазық», «Ежелгі көшпенділер жолымен», «Жолаушылар мен шөл дала», «Өлкені ластама», «Қазақстанның пайдалы қазбалары» атты шытырман ойындарын ойнау балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятты.