8(7112) 22-85-97

Математика олимпиадасы

10 ақпан күні физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д. Таймановтың 105 жылдығына орай, Орал қаласының орта жалпы білім беретін мектептерінің 10 сынып оқушыларының арасында өткен математика пәні бойынша олимпиадаға мектебімізден 4 оқушы қатынасты.

Физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д.Таймановтың 105 жылдығына орай, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Орал қаласының орта жалпы білім беретін мектептерінің 10 сынып оқушыларының арасында өткен математика пәні бойынша олимпиададан 10а сынып оқушылары Сағынтаева Аида ІІ орын, Меңешов Нұрбек, Ахмет Алихан ІІІ орын (пән мұғалімі Батыргалиева А.Қ.) иеленсе, 10ә сынып оқушысы Марат Аида (пән мұғалімі Батай А.Х.) алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар мен пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!