Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдері арасында «Сабақтағы АКТ» қалалық бейнесабақтар байқауы өткізілді. Мақсаты: оқу үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолданатын мұғалімдерді анықтау, қолдау көрсету. Информатика пәні бойынша бейнесабақтар базасын құру.
Байқауға қатысушы сабақтың бір бөлімінде (үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, практикалық жұмыс, сабақты қорытындылау және т.с.с) АКТ-ны (Слайд, флипчарт, электронды оқулық, интернет желісіндегі сандық білім ресурстары, Bilimland.kz порталы, электронды тестілеу, интерактивті тапсырмалар және т.с.с) тиімді қолдану қажет болатын.. Байқауға мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Сатканова Эльмира Мухиденовна қатысып, қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!